ШЫМКЕНТ: РЫСҚҰЛОВ – ҚОНАЕВ КӨШЕЛЕРІНІҢ ҚИЫЛЫСЫНДАҒЫ ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ 15 ҚАЗАНДА БАСТАЛАДЫ

Шымкентте алғаш рет қаланың орталығында жолайрық құрылысы басталады. Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде осылай деді.  

Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қала көшелерінде көлік кептелістерін болдырмау және жол апаттарының алдын-алу мақсатында қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту жоспары бекітілген. Осы жоспарда бірнеше көшені қайта құру, жолайрықтар, жаңадан көшелер салу, бағдаршамдардың жұмысын оңтайландыру іс-шаралары қамтылған болатын. 

Солардың бірі – Рысқұлов — Қонаев көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығын салу жұмыстары басталады. Аталған Рысқұлов пен Қонаев көшелері – қаламыздағы көлік қарқындылығы жоғары магистральды көшелердің бірі.

Бүгінде мердігер мекеме анықталған. Құрылыс жұмыстарын биыл 15 қазаннан бастау жоспарлануда.  Бас мердігер – «Bazis Construction» ЖШСАвторлық қадағалаушы – «Саулет-SKB» ЖШСТехникалық қадағалаушы – «Акмол Тех Надзор» ЖШС  

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы