ШЫМКЕНТ: ЖАСАНДЫ БҮЙРЕКПЕН ӨМІР СҮРІП ЖҮРГЕН НАУҚАС ПНЕВМОНИЯНЫҢ АУЫР ТҮРІН ЖЕҢІП ШЫҚТЫ

Ағымдағы жылдың 29-қазан күні қаладағы модульдік инфекциялық госпитальге ауыр халде 64 жастағы азамат жеткізілген. Науқасты тексере келе дәрігерлер екі жақты пневмония диагнозын қойып, жансақтау бөлімінде шұғыл емдеу шараларын жүргізген.

Тексеру барысында науқастың 30-% өкпесі қабынғаны анықталған. Бұған қоса науқаста бүйрек жетіспеушілігі болғандықтан, гемодиалез аппаратына қосылған болатын. Білікті мамандар жүргізген емнің нәтижесінде жасанды бүйрекпен өмір сүріп жүрген азаматтың өкпесіндегі ахау емделе бастаған. Он күнге жуық инфекциялық госпитальде ем алған пациенттің жағдайы жақсарған соң үйіне шығарылған.

“Емдік шаралар жүргізілді, динамикада жағдайы жақсарып, анализдері бір қалыпқа келді. Демалысы жақсарды, температурасы түсті. Емі антибактериялық терапия, антикоагулянты терапия және қосымша симптоматиялық емнің мақсатында динамиканың жақсаруымен болғандықтан, үйіне шығардық»-дейді емдеуші дәрігері Нуртаев Еркінбек.