![11e849758d799d8d8ccbad6bb2cfce83_original.92034](https://country-news.kz/wp-content/uploads/2020/10/11e849758d799d8d8ccbad6bb2cfce83_original.92034-678x381.jpeg)
Шымкентте бірқатар көшелерде жол-құрылыс жұмыстары аяқталды. Қыркүйек, қазан айларында абаттанған көшелерді тұрғындар игілігіне беру жоспарланғанын бұған дейін хабарлаған едік.
Атап айтқанда, Самал-2 шағынауданындағы Ризалық көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Мердігер мекеме «Сиқым Олжас» ЖШС-і құрылысты жоспарға сай атқарды.
Көшенің ұзындығы — 800 метр, ені — 5 метр. Таскен тұрғын алабындағы №115 мектепке баратын атауы жоқ көшеге жаяу жүргіншілер жолын орнату жұмыстары «Сиқым Олжас» ЖШС-гі тарапынан орындалды. Жаяу жүргіншілер жолының ұзындығы — 680 метр.
Бүгінгі таңда аяқ жол пайдалануға берілді.Сондай-ақ, Жаңаталап тұрғын алабындағы атауы жоқ көшеге орташа жөндеу және жаяу жүргіншілер жолын орнату («Достық СпецТранс» ЖШС-і), Ақниет шағынауданы Рауғаш көшесінде орташа жөндеу («Оңтүстік Ғимарат Құрылыс» ЖШС-і), Ынтымақ шағынауданы Жібек жолы көшесінде орташа жөндеу жұмыстары («Оңтүстік Ғимарат Құрылыс» ЖШС-і) толығымен аяқталып, тұрғындар игілігіне берілді.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы