«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсе мүшелері және Ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі, Жол көлік колледжінің ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында жиын өткізді.
Парасаттылық туралы арнайы баяндама жасаған ақпараттық ағартушылық штаб мүшесі Қайрат Анарабаев Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң мен сыбайлас жемқорлық туралы мемлекеттік саясатты кеңінен баяндап берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.