![70bfd5c3-75f5-42c4-9ff7-67358ca8d931](https://country-news.kz/wp-content/uploads/2020/08/70bfd5c3-75f5-42c4-9ff7-67358ca8d931-678x381.jpg)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жол құрылысы жұмыстары саласындағы сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған «Сапалы жол» жобасы аясында мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг Шымкент қаласы Нұртас м/а Шұғыла көшесінде жүріп жатқан жұмыстарға жүргізілді.
Осыдан 2 ай бұрын «Сапалы жол» жобасы аясында мониторинг жасалынған болатын.
Көше барлық талаптарға сай салынған және тұрғындар өз ризашылықтарын білдірді!
«Сапалы жол – адалдық алаңы» жобасы салынып жатқан көлік жолдарының сапасын бақылауға арналған.