![123081558_388977088902250_6842720816145044696_o](https://country-news.kz/wp-content/uploads/2020/11/123081558_388977088902250_6842720816145044696_o-678x381.jpg)
Шымкент қаласының Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің қолдауымен «Отбасы құндылықтары-бақыттың кілті» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты — Самғау сенім орталығына жүгінген азаматшаларға діни танымдық ақпараттар беру болып табылады.
Аталмыш іс-шараға Шымкент қаласы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог мамандары И. Айтаев, Г. Қуандық қатысты.
«Отбасы құндылықтары-бақыттың кілті» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде дәстүрлі дін туралы қатысушыларға кеңінен ақпараттар берілді.
Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтіп, дін саласына қатысты қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.