![images](https://country-news.kz/wp-content/uploads/2020/11/images-4.jpg)
Мемлекет террористердің қол сұғушылығынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету субъектісі болып табылады.
Терроризмге қарсы іс-қимылды ұйымдастырудың негіздеріне Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының өзара iс-қимылы, еліміздің терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының шет мемлекеттердiң органдарымен және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылы кіреді.
Біздің мемлекет терроризм актісін кімнің қай жерде жасағанына қарамастан, террористік іс-әрекетке қатысты адамдарды басқа мемлекеттердің құзыретті органдарының сұратуы бойынша өз аумағынан қуғындайды.