Мемлекет Басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел болашағы болып табылатын жастарды салауатты өмір салтына баулу және бұқаралық спортты дамыту мәселесін күн тәртібінен түсірген емес.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аясына денсаулық пен спорттың құндылығын насихаттау мәселесін енгізді. Себебі өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік қағидасы, зиянды әдеттерден бас тарту, салауатты өмір салтын ұстану бұрынғыша маңыздылығы жоғары болып қала береді.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 қаулысымен бекітілген «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында да айтылды.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу жолында іске асыру міндеттерінің бірі ретінде салауатты өмір салтын қалыптастыру қарастырылған.
Бұл өзекті мәселе салауатты өмір салтын қалыптастырумен шектелмейді, оның ішінде қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті арттыру және жастар бойында мемлекеттіліктің негіз қалаушы құндылықтарына деген құрмет қалыптастыру, жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасау;жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту, жастарды мәдени құндылықтарға тарту, жастардың азаматтық және патриоттық сезімдерін өздігінен дамытуын ынталандыру, жастар ортасында моральдық-рухани сабақтастықты қамтамасыз ету, мемлекеттік жастар саясатын ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, жастарды «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыруға тарту мәселелері бар.
Шымкент қаласындағы жастарды қолдау және оларды салауатты өмір салтына бағыттау мақсатында кеңінен жұмыстар атқарылуда. Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де қала жастары үшін барлық жағдайлар жасалған.
Аптасына 7 күн тұрақты қала жастарымен тығыз байланыс орнатылған.
Орталық жастардың кез-келген жоғарыда аталған бағдарламаға сәйкес бастамалары мен жобаларын қолдауға дайын екендігін тұрақты жастарға жеткізіп келеді.