Шымкент қаласында салауатты өмір салтын қалыптастыру және азаматтарды бұқаралық спортқа баулу жұмыстары күн тәртібінен түскен емес.
Қазіргі таңда, халықты денешынықтыру мен спортпен белсене айналысуы үшін қажетті барлық жағдайлар жасалуда.
Балаларды дене шынықтыру мен спортқа тарту мақсатында спорттық инфрақұрылымның қалыптасқан жағдайларына сүйене отырып, бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ақысыз негізде дамытудың кешенді бағдарламасы жасалды.
Бағдарламада футбол, шахмат, стрит воркаут, баскетбол, балалардың фитнес жаттығулары тағы басқалар бар.
Футбол. Бүгінде футбол алаңдары көптеген аулаларда жабдықталған, балалар да, ересектер де осы спорт түрімен қуана айналысады.
Street workout. Стрит-воркаут елімізде жылдан жылға танымал болып келеді. Бүгінгі күні бұл ең қолжетімді спорттық іс-шаралардың бірі. Ақыр соңында, өзіңіздің формаңызды сақтау үшін жаттығу залдарына, жеке жаттықтырушымен және арнайы жабдықтармен сабақтарға ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Сізге тек ыңғайлы спорт киімдері мен кроссовка керек.
Арнайы жабдықта әртүрлі трюктер жасап, бірнеше негізгі бұлшықет топтарын: аяқ, мойын, арқа, қол, іш пен кеуде бұлшықеттерін шынықтыра аласыз.
Жүгіру. Жүгіру кезінде дене оттегімен қанығып, барлық ішкі ағзалардың жұмысына және терінің күйіне жақсы әсер етеді. Жүгіру жаттығулары жүрек пен қан тамырларына, өкпеге және аурулардың алдын алуға пайдалы.
Велосипед тебу. Велосипедпен жүру қала тұрғындары арасында жыл санап танымал болып келеді.
Мамандар велоспортпен айналысудың ондаған пайдалы себептерін атайды. Бұл ұйқының жақсаруы, қан айналымы, төзімділіктің жоғарылауы, стресстің төмендеуі және т.б.
Скандинавия жүрісі қала тұрғындары арасында ең танымал спорт түрлерінің бестігіне кіреді. Зерттеулерге сәйкес, бұл бұлшықеттердің шамамен 90% -ына әсер етіп, жүргіруден гөрі екі есе көп калория жұмсауға көмектеседі. Осы жоғарыдағы, ақысыз негіздегі спорт түрлерімен айналысу арқылы ағзаны шынықтыра аласыз