![4ff6be16b63f32c1321b733c6f6624d2_original.112071](https://country-news.kz/wp-content/uploads/2020/10/4ff6be16b63f32c1321b733c6f6624d2_original.112071-678x381.jpeg)
Шымкент қаласының аудан аумақтарындағы тұрғын алаптарда жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімдерінің жылдық есебінде тұрғындар негізінен жарықтандыру мәселелерін жиі көтеретін. Бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді.
Еңбекші ауданы Тоғыс тұрғын алабындағы Мұнайбарлаушылар көшесінде жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Жарықтандырылған көше бойының жалпы ұзындығы 800 метр. Мердігер мекеме «ABM – Building 2007» ЖШC құрылыс жұмыстарын жоспарға сай аяқтады.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы