Террористік іс-әрекеттің алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының террористік іс-әрекетке қатысқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының аумағындатерроризмді насихаттауға, террористік ұйымдардың, сондай-ақ заңсыз әскерилендірілген құралымдардың құрылуына, тіркелуіне және жұмыс істеуіне тыйым салынады.
Терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимыл терроризмнің қауіптілігін түсіндіру, террористер өз көзқарастары мен идеяларын насихаттауды солардың көмегімен жүзеге асыратын нысандарды, әдістерді және амалдарды әшкерелеу, қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыру, терроризм профилактикасында терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының күш-жігерін біріктіру, терроризмді қолдаудың әлеуметтік базасын қысқарту мақсатында жүзеге асырылады.