Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында санитарлық талаптар қатаң бақылауда. Алаптағы ағайын карантин талабын сақтай отырып сауданы қыздыруда. Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары мониторинг жұмыстарын жалғастыруда.
Бұл көше Сайрам тұрғын алабындағы күре жол. Мұнда сауда орталықтары мен кәсіпкерлік нысандарды көптеп кездестіруге болады. Сондықтан болар орталықта кісі қарасы қалың. Орталықтағы Нұрсайрам базарыда қайта іске қосылған. Нысан иесінің айтуынша залалсыздандыру жұмыстары күнтәртіпке енген.
Юлдаш Базарбаев — Нұрсайрам базарының басшысы
Сайрам түрғын алабында 40 мыңнан астам халық бар. Оларға 162 азық-түлік дүкені мен 2 базар, 4 ірі сауда орталығы қызмет көрсетеді. Санитариялық дәрігерлер барлық кәсіпкерлік нысан иелеріне түсініктеме жұмыстарын жүргізген. Мамандар бұл жолыда қатаң тексеру жүргізді.
Айнұр Пернеева – Шымкент қаласы Қаратау аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары
қаулыға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 186 хаттама толтырылды. Полиция басқармасының баянатына сәйкес хаттама толтырдық. Бүгінде аралаған нысандарда карантин талаптарын сақтамағандар бар.
Ауа райы құбылып, күннің суытуы көптеген тұмауды қоздыратын кезең. Сондықтан санитар мамандар сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Аурудың алдын алуға бағытталған қарапайым тәртіп көптеген келеңсіз оқиғаның алдын алатынын назарда ұстағанымыз абзал.
К. Дүйсенбі