Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спорт түрлеріне жастарды баулу арқылы дамыту жүйелі түрде жалғасын тауып келеді.
Қазақстан Республикасында спортпен жүйелі түрде айналысатындардың 7% -ы ұлттық спорт түрлерімен айналысады.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, елімізде халық арасында ұлттық спорт түрлерінің танымалдығы артып келеді.
Сондай-ақ, 2018 жылы бұл спорт түрлерін 375 926 адам ұнатса, 2019 жылдың маусым айының соңында бұл көрсеткіш 8 372-ге өсіп, 384 298 адамды құрады.
Өңірлер бойынша ұлттық спорт түрлерінің танымалдылығының тұрақты өсуі байқалады. Бұл әсіресе Шымкент қаласында кеңінен танымалдыққа ие.
Сонымен қатар, жекелеген өңірлерде дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдар санының үнемі жоғары өсіп келе жатқанын көрсетеді.
Шымкент қаласында жыл сайын аталған ұлттық спорттан Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир өтеді.
Аталған турнир аясында жастар көкпардан 12-ші, аудараспақтан 4-ші мәрте ұйымдастырылған жарыстарға қатысқан.