Шымкентте сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электрондық жүйе арқылы қызмет көрсетуге толығымен көшірілген

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарын орындау мақсатында Шымкент қаласының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінде және департаментке қарасты аудандық басқармаларда қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша біршама жұмыстар атқарылуда.

Сондай-ақ,Шымкент қаласының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген.

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн белгіленген мерзімде және олардың сапалы қаралуы бақылауға алынған. Департаменттің және оның аудандық басқармаларымен 14 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мүдделер қақтығысын болдырмау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (сан-эпид. қорытынды, есептік нөмір беру, сертификат, т.б.) «e-gov» порталы және «elicense» электрондық жүйесі арқылы қызмет көрсетуге толығымен көшірілді.

Департаменттің және оның аудандық басқармаларының қызметкерлерінің іс әрекеттеріне шағым жасау, ұсыныстармен пікірлерді айту үшін арнайы жәшік арналған және «Сенім» телефоны (87252-300304) орнатылған.

Әкімшілік- құқықтық қамтамасыз ету және

мемлекеттік қызмет көрсету сапасын

бақылау бөлімінің басшысы

Б.Нурманов