«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес пен Партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы азаматтық қоғамның рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.
Отырыс барысында елімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңының және партияның 2020-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі бағдарламасы талқыланды.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін заңдық негіз қаланған. Атап айтқанда: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заң қолданысқа енгізілді, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларын күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметінде тәртіпті нығайту жөнінде» Президент Жарлығы шықты, сонымен бірге көлеңкелі экономика көлемі мен экономика саласындағы құқық бұзушылықтарды азайтуға бағытталған бірқатар бағдарламалар қабылданды.
Бүгінгі таңда елімізде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз өкілеттігі шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуде.
Аталған жұмыстарға қоғамды тарту мақсатында азаматтық қоғамды кеңінен тартудың мәселесі талқыланды.
Қазіргі таңда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — мемлекеттік және қоғамдық институттардың алдында тұрған өзекті мәселе болып табылады.