ШЫМКЕНТТЕ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ТАЗАРТЫЛУДА

Шымкент қаласында ауа-райының бұзылуына және жауын-шашынға байланысты ирригациялық жүйелерді тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы қала бойынша тиісті жұмыстарға «ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Байтерек ЛБ» ЖШС мен «Югдорсервис» мекемелерінен барлығы 49 техника, 28 жүзу құралы мен 297 жеке құрам жұмылдырыды.

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Егер үйіңіздің ауласына су кірсе немесе өзге орындарда осындай келеңсіз жағдайларға кездессеңіз 112 немесе 56-16-01 номеріне хабарласуларыңызға болады. Сіздің шағымыңыз бойынша арнайы мамандар шұғыл түрде шара қолданады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі