ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ КАРТАСЫ БОЙЫНША 8 640 ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛҒАН

Шымкентте ағымдағы жылы Жол картасы бойынша 8 682 жұмыс орны ашылған. 4341 адам жұмысқа орналасады деп жоспарланған. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Қасымбек Пернебекұлы мәлімдеді.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы негізінде 25 531 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 24 366 адам бұл шараға қатысып жоспар 95 пайыздан асып отыр. 3196 адам тегін кәсіби оқудан өтіп, 2820 шымкенттік «Бастау Бизнес» жобасы негізінде тәлім алған.  67 адам шағын несиеге қол жеткізген.

Қасымбек Сайлауов – Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы

2820 адам «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерге  оқыту 152 пайызды құрап отыр. 67 адам шағын несие алып жоспар 103 пайызға орындалған.  3931 адам мемлекеттік грант алу жылдық жоспары 80 пайызға орындалған.

Атаулы әлеуметтік көмекке мемлекеттен 17,4 млрд теңге бөлінген. Жыл басынан бері 27 153 отбасыға көмек тағайындалып 11 млрд теңге көлемінде қаржы тиісті жанұяларға үлестірілген. Қаладағы төтенше жағдайдың екі   кезіңінде жұмыссыз қалған азаматтарға   26 млрд теңге берілген.

Қасымбек Сайлауов – Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы

Бірінші кезеңде 16-шы наурыз бен 11-ші мамыр аралығында 2850551 адамға 19,9 млрд теңге төленді Ал екінші кезеңде 143 519 адамға 6,1 млрд теңге төленген.

Биыл Шымкент қаласында «Жұмыспен қамту Жол картасы» бағдарламасы аясында 237 жоба нақтыланған. Нәтижесінде 4 405 адам жұмысқа орналасып, олардың орта жалақысы шамамен 90 мың теңгені құрады. Жалпы, осы бағдарлама аясында бөлінген қаржының 75,4%-ы игерілген. Айта кетейік, аталған жобаны іске асыру барысында көзделген қаражаттың 90 пайызын отандық өндірушілерден сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпарат көзі шымкенттв.кз