ШЫМКЕНТ: ҮМІТКЕРЛЕР ТІЗІМІ НАҚТЫЛАНДЫ

Бүгін «Nur otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс 40 конференциясы өтті. Алқалы жиынның күн тәртібінде 2021-2025 жылдарға арналған 5 жылдық Сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, ҚР Парламенті Мәжілісіне Пікірсайыс нәтижесі бойынша ашық дауыс беру арқылы үміткерлер бекітілді. Бағы мен бабы қатар шапқан Жадыра Таңатарова, Ғани Тәшқараев, Берік Оспановпен Берік Бекжанов 8-діктен сурылып алға шықты.

Кезектен тыс өткен конференцияға қаладағы партия мүшелерінен 119 делегат  қатысты.  Жиында сөз бастаған шаһар басшысы бұл жолғы сайлаудың өзіндік ерекшеліктерін  тілге тиек етті. Күн тәртібінде үміткерлердің 5 жылдық Сайлауалды бағдарламалары таныстырылғаннан кейін,  ҚР Парламенті Мәжілісіне Пікірсайыс қорытындысы бойынша кандидаттарға ашық дауыс берілді. Алғашқылардың бірі болып қала әкімі, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов пен филиал төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, партия жанындағы Саяси Кеңес мүшесі Әлия Юсупова өз таңдауларын жасады.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы

КСМ: Мемлекет басшысының бастамасымен заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұдан былай мәслихат сайлауы да партиялық тізім бойынша өтетін болады. Сонымен қатар жастар мен әйелдерге арналған квоталардың белгіленуі де — игі бастама болып отыр.

Нұрлан Сахов  — «Nur Otan» партиясының мүшесі                                                         

Осыдан бір ай бұрын өткен праймеризде 151 үміткердің арасынан, басым дауысқа ие болған 8-і, бүгін ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде өз бақтарын сынады. Ашық дауыс арқылы таңдалған үміткерлердің арасында Берік Оспанов,  Ғани Тәшқараев, Берік Бекжанов пен Жадыра Таңатарова басым дауысқа ие болды.

Жадыра Таңатарова — ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер

Бүгінгі жиында бекітілген Сайлауалды бағдарламада тұрғындардың сапалы өмір сүруі үшін негізгі мәселелер түйінделіп, қаланың  экономикалық-әлеуметтік дамуына аса қажет 10 басымдық белгіленген. Осы сайлауалды бағдарламаны орындап, іске асырылуына баршамыз бір кісідей атсалысуымыз қажет.  «Nur Otan» партиясы қашан да берген уәделерін нақты орындап келген.

Қаланың дамуына бағытталған  бұл бағдарлама Сіздердің қолдауларыңызбен толық жүзеге асады деп, кәміл сенемін! — деді «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасы Мұрат Әйтенов. Бұдан бөлек бағдарламада праймериздің өту барысында тұрғындардан түскен ұсыныстардың 98 пайызы назарға алынған. Ал,  15 ұсыныс  сайлауалды бағдарламаға қосымша енгізіліпті.

Конференция барысында сайлауалды бағдарлама бірауыздан қабылданды. Әрмен қарай қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 60 кандидаттың тізімі нақтыланып, Нұр-сұлтан қаласында өтетін «Nur Otan» партиясының кезекті XX съезіне қатысатын 20 делегат анықталды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 35 мыңнан астам партия мүшесі бар. Олар 46 бастауыш партия ұйымдарына біріктірілген.