ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Қоғамдық көлік жүргізушілері жұмыс уақытында телефонмен сөйлесіп қауіпсіздік белбеуін тақпаса жауапқа толтырылады. Сонымен қатар автобустар жолаушыларға таласып өзара жүйіткіп жарысса көлігі айып тұраққа тоғытылады. 21-ші – 23-ші қазан аралығында Шымкент қаласы аумағында «АВТОБУС» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Бұл рейдоблысаралық және халықаралық қатынастарда жүретін қоғамдық көліктерге бақылауды күшейту мақсатында ұйымдастырылған. Мобильдік топ мүшелігінде Көліктік бақылау инспекциясы,қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Көлік прокуратурасы, және Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері бар. Олар қоғамдық көлік жүргізушілерінің тәртіп бұзғандығын планшет арқылы  лезде анықтап қаттама толтырады.

Іс-шараның 1 күнінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған жалпы 100 ге жуық  әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Арасында шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кету, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған  көлік құралын басқару секілді тәртіпбұзу фактілерінің саны басым.

Мұхтар Бұхарбаев — Шымкент қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция полкінің командирі

Айта кетейік, қазіргі таңда карантиндік шектеулерге байланысты қала аумағындағы Самал, Бекжан, Алаш және Саяхат автовокзалдары уақытша өз жұмысын тоқтатқан. Десекте 2020 жылдың 9 айында қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты 2296 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған. Жыл басынан адам дене жарақатымен ұштасқан қоғамдық көліктердің қатысуымен 4 жол –көлік оқиғасы орын алған.

К. Дүйсенбі