ШЫМКЕНТ: «ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕН» ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ ДӘРІПТЕУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРМЕК

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №103 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы нарық субъектісін құру туралы мүддесін білдіруін сұрату мақсатында, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Тарихи-мәдени кешен» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жаңадан құрылады.  

«Тарихи-мәдени кешен» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі — Кәсіпорын)  қызметінің мәні мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраларын насихаттау және тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым, техника, эстетика, этнология, антропология, әлеуметтік мәдениет тұрғысынан қызығушылық туғызатын, тарихи процестер мен оқиғалар нәтижесінде пайда болған, өздерімен байланысты бейнелеу, мүсін, қолданбалы өнер, ғылым, техника туындылары және материалдық мәдениеттің өзге де заттары бар жылжымайтын объектілерді сақтау, оқып білу, көпшілікке ұсыну болып табылады. 

Кәсіпорын қызметінің мақсаты — тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, қайта жаңғырту, сақтауды, кеңінен танытуды қамтамасыз ету. Кәсіпорын мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай қызметтің түрлерін жүзеге асырады: 

1) мұражайлық заттарды анықтауға және жинауға, оларды оқып білуге, мұражайлық құралдарды насихаттауға және жария етуге бағытталған экспедиция, археологиялық дала зерттеулерін ұйымдастырады;  

2) арнайы жабдықталған жайларда мұражай топтамаларын толықтырады, қорларды жинақтайды, есеп жүргізеді, заңнамада белгіленген тәртіпте оларды сақтау бойынша шараны қатаң сақтайды;  

3) мұражайлық және кітапханалық қорларда және мұрағаттарда бар өлке тарихымен байланысты материалдарды зерделейді;   

4) мұражайдың ғылыми мұрағатын қалыптастырады және ғылыми кітапхананы әдебиеттермен, ғылыми-әдістемелік басылымдармен жинақтайды;  

5) экспозицияларды және көрмелерді алады;  

6) шаруашылық қызметтi жүзеге асыру арқылы кiрiстер табу.        Кәсіпорынның құрылтайшысы — Шымкент қаласының әкімдігі.  

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы