Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Х. Әлімжан атындағы №85 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларына «ZOOM» платформасы арқылы онлайн кездесу өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты мектеп оқушылары арасында діни экстремизмнің алдын алу, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру.
Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңына, қылмыстық көдекстің экстремизм мен терроризмге қатысты баптарына, еліміздегі соттың шешімімен тыйым салынған діни ағымдарға тоқталып өтілді.
Сонымен қатар, дәстүрлі емес діни ағымдардан да сақтану жолдары туралы түсіндірілді.
Онлайн форматта өткен іс-шараға Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Қ. Аширалиев «Жасөспірім және заң, құқықбұзушылықтың алдын алу» атты тақырыпта сөз сөйледі.
Кездесу соңында қойылған сұрақтарға жоғары деңгейде жауап берілді.