ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты жергілікті ақпараттық насихат тобы (ЖАНТ) мүшелерінің кезекті отырысы ұйымдастырылды.
Кездесуде әрбір мешіт имамы кемінде бір жат ағым мүшелерімен кездесіп, дәстүрлі бағытқа бейімдеу, жеке кездесу жұмыстарын онлайн түрінде жүргізу, санитарлық талаптарды сақтай отырып мешітке келген жат ағымдармен жеке кездесулер өткізу, түрлі тақырыптарды қамтитын видио және аудио таспа өнімдерін шығару т,б, мәселелер айтылды.
Кезекті отырысты Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы ашып, жүргізіп отырды. Отырыс асында Шымкент қаласы бойынша ЖАНТ жетекшісі Берік Арынов жыл басынан бері атқарылған жұмыстары туралы баяндап, алдағы жоспарымен бөлісті.
Мұнымен қатар, қала бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы топ мүшелерінің құрамымен толық танысып, алдағы үш айда атқарылатын негізгі жұмыстарды пысықтап, бірқатар тапсырмалар берді.