Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес қаладағы медициналық ұйымдар алдында «COVID-19» коронавирустан сақтану шаралары жазылған баннерлер ілінуде. Осылайша медицина мамандары инфекциялық аурудан сақтану жолдары туралы тұрғындар арасында кеңінен насихаттамақ.
Бүгінде денсаулық сақтау саласы мамандары халықты сақтық шараларын қатаң сақтауға шақыруда. Бұл, біріншіден, тұрғындар арасында инфекцияның кең таралып кетуіне тосқауыл болса, екіншіден, «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу» керек екенін ескертеді.
Айта кетейік, егер сіз ауырып қалсаңыз немесе ЖРВИ ауруының белгілері байқалса, 103-ке қоңырау шалыңыз!Сондай-ақ қаладағы коронавирус инфекциясы, эпидемиялогиялық ахуал туралы ресми және сенімді ақпаратты https://covid19shymkent.kz/ сайтынан білуге болатындығын ескертеміз.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі