ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ НАЗАРДА БОЛУЫ ТИІС

Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлау күні жақындап келеді. Саяси науқанға іріктелгендер сайлауалды тұғырнамасын әзірлеуге кірісіп жатыр. Ал, жеңіс тұғырынан көрініп, бағы басым түсер үміткерлерден халықтың күтері көп. Аға буын өкілдері де бұрын айтылмаған біраз мәселелер шешімін тапса, — дейді.

Еліміздегі соңғы ахуалға байланысты пандемия кезінде орын алған олқылықтардың орны толтырылса, — дейді зиялы қауым өкілдері. Сайлауда жеңіске жетіп, өз ісіне кірісетін азаматтарға айтар уәжі осы. Қиын кезеңнен кейін халықтың әл-ауқатын көтеру – алғашқы қаралатын іс екендігін айтады.

Шалатай Мырзахметов – қоғам қайраткері

Пандемиядан кейінгі елдің әлеуметтік жағдайын көтеруді бірінші мәселе ретінде қарастыру керек деп ойлаймын.

Оның айтуынша, білім саласында да бірқатар мәселелер бар. Әсіресе, қашықтан оқыту форматына көшкенде біраз әлсіз тұстар байқалғанын айтады. Сондай-ақ, қоғам қайраткері халық арасындағы зейнеткерлік жасын төмендету тұрғысындағы ұсыныстарға өз пікірін білдірді.

Спикер: Шалатай Мырзахметов – қоғам қайраткері

Зейнет жасын төмендету – қазір тиімсіз борлып табылады. Әсіресе, пандемиядан кейін мемлекет жағдайы оған тура келмейді.


Айтып өтейік, сайлау 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді. Жалпы, шараларға 15 миллиардтан астам теңге қаржы жұмсалады деп жоспарланған.

Перизат Ортай