Қылышын сүйретіп қыс келеді, қысылып қалмаудың қамын ойлайық! Осы мақсатта Авариялық-құтқару және коммуналдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерінің қыс мезгіліне дайындығы пысықталды. Тексеру жұмыстарына қала әкімі М.Әйтенов арнайы қатысып, жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Мұрат Әйтенов – қала әкімі
Коммуналдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің құрамына 5 ұйым кіреді:«ЛТД Тұрмыс», «Югдорсервис», «Байтерек ЛБ», «Нұртас сервис», «Жасыл жер». Олардың барлығы қаланың автомобиль жолдарында жұмыс жасау үшін арналған. Жалпы техниканың саны 210 бірлікті құрайды. Атап айтатын болсақ жоғары өтімді техника, шнекоротор, автосамосвал, автогрейдер, бульдозер.
Жәнібек Кәрімбаев — қалалық ТЖД бастығының орынбасары
Іс-шараның мақсаты – қыс мезгіліне инертті материалдарының қорын, төтенше жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарына жол-пайдалану техниканың дайындығын тексеру. Арнайы техниканың жұмысқа жарамдылығымен техникалық жағдайы анықталды.
Асхат Әбдірашит–«ЛТД тұрмыс» автотранспорт бөлімінің басшысы
Дайындық көрсетілімі барысында бекітілген жол учаскелеріне қызмет көрсету мәселесі айтылды. Сондай-ақ қыс мезгілінде қауіпті метеорологиялық құбылыстардың пайда болуына байланысты төтенше жағдайларды алдын алу және жою бойынша сұрақтар пысықталды.
НазкенCкандар