2020 жылы 18 қараша күні сағат 19:00-де «OŃTÚSTIK» телеарнасында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен тікелей эфирде «Әкім сағаты» өтеді.
Тікелей эфир арқылы шаһар басшысы тұрғындардың сұрақтарына жауап береді. Эфир барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, түрлі салада кездесетін мәселелер мен олардың шешілу жолдары, алдағы жоспарлар айтылады.
Эфир кезінде қоңырау шалып, сұрақ қоюға мүмкіндік бар. Сауалдарыңызды 53-94-72 байланыс нөміріне хабарласып қоюға немесе WhatsApp желісіндегі 8-707-733-43-97 нөміріне жіберуіңізге болады.