СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУ МЕКЕМЕСІ ЕСЕП БЕРДІ

Осы жылдың 9 айында Шымкент қаласы прокуратурасының Қаулысы негізінде жоспардан тыс 3 тексеру, 1 бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде ҚР Сауда және интеграция министірлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Бастар Есқараев мәлімдеді.

Шымкентте департаментпен  жоспардан тыс 3 тексеру жүргізілген.Нәтижесінде «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның заң бұзушылықтар негізінде сарапшы аудиторлардың аттестаттарын алты ай мерзімге тоқтатқан. Осыған негізделіп әкімшілік айыппұлдар салу жөнінде Қаулылар қабылданды. Сонымен қатар, заң бұзушылықтарға жол берген сарапшы-аудиторларға қатысты іс-шара ұйымдастырылған.  ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне ақпараттық хат жолданды, – деді Бастар Әуелханұлы.

Бастар Есқараев — ҚР Сауда және интеграция министірлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы

Департаментке өткен жылы жеке және заңды тұлғаларды қоса алғанда 135 өтініш келіп түскен. Тексеру кезінде анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде  6 нұсқама берілген. 2 әкімшілік хаттама толтырылып 391 375 теңге айыппұл өндірілген. Арасында «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң талабын бұзған «SCAT» АҚ-да бар.

Бастар Есқараев — ҚР Сауда және интеграция министірлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы

Бүгінде қалалық сәйкестікті растау саласында аккредиттелген 3 сәйкестікті растау мекемесі бар. Олар «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ОҚФ, «Туран Бизнес Групп» ЖШС және «Ел-Стандарт» ЖШС. Мекемелер бірлесіп 40 сынақ, 22 салыстырып тексеру, 3 калибрлеу және 2 медициналық зертхана жұмысын атқаруда. 

Ақпарат көзі http://shymkenttv.kz/