Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі анықталған.
Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі:
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті;
-сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды;
-Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді;
-Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды;
-қаржылық бақылауды;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді;
-мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді;
-кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын;
-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді;
-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;
-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.
Осы жүйелер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың басты шарттары ретінде қарастырылады.