Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл — сыбайлас жемқорлықты алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу және олардың салдарларын жою жөніндегі өз өкілеттігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі:
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг;
— сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
— ҚР заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу;
— ҚР заңнамасына сәйкес заң сараптамасын жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық нормаларын анықтау;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтау;
— қаржылық бақылау;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер;
— мүдделер қақтығысын болдырмау және шешу;
— кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары;
— сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;
— сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлама;
— сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық салдарын жою; — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы қалыптастыру және жариялау