СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ҚОҒАМ БОЛЫП КҮРЕСЕЙІК!

Бүгінгі күні қауіпті қылмыстардың бірі-сыбайлас жемқорлық екені мәлім. Сыбайлас жемқорлық-қоғамды бүлдіруші әлеуметтік құбылыс. Жемқорлық халықтың заңға, әділдікке деген сенімін жоғалтады.

Ол қоғамда қауіпті, құпиялы, ерекше құрылымды қылмыс. Оның экономикаға кері әсер етуі айтпаса да белгілі. Жемқорлық-жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біздің түпкі мақсатымыз  — жемқорлықты жою үшін жемқорлыққа алда тұрған мақсатты жүзеге асыру тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы, бұл бүкіл қоғамның алдында тұрған аса күрделі де қасиетті міндет.     

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады. 

Бұл Заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр.

Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу мен анықтау және оны тыю жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.  

  Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот,құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайлылығы, тоңмойын шенеуініктердің тойымсыздығы, қарапайым анықтама алуы үшін шеті мен шегі жоқ кезек көптеген азаматтар мемлекеттік қызметкерлердің пара алуына сеп болуы мүмкін. Өйткені кейде халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспей жататын кездер де болып жатады. Сол себепті де мұндай ауыр кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады.

Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көтермеленеді. 

Осы сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын-алу мақсатында Шымкент қаласаның Әділет департаментінің қызметкерлерімен үнемі кеңінен семинар сабақтар өткізіліп,  жан-жақты жұмыс жүргізуге ат саласып отырамыз.

Біздің мекеме қызметкерлері Ел Президентінің сыбайластыққа қарсы күрес жөніндегі-талаптарымен толық таныс.

Егер сізге болашақ ұрпақтын тағдыры бей жай болмаса бұл індетпен бірлесе күресуге шақырамыз. Шымкент қалалық Әділет департаментінің бас маманы Ә.Ахмедов