Ағымдағы жылы 11 маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.А. Бектеновтің және әділет, ұлттық экономика министрліктерінің басшы құрамының қатысуымен мәжіліс болып өтті.
Іс-шара сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Агенттік іске асырып жатқан жүйелі жұмысы, сондай-ақ бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың дербес жауапкершілігі туралы қараша айындағы түзетулерді түсіндіру шеңберінде өткізілді.
Олжас Бектенов өз сөзінде аталған институт Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңнамаға енгізілгендігін айта отырып, оны жүзеге асыру тетігіне толық тоқталып өтті.
Сондай-ақ, ол министрліктердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін атап айтты.
Ұйымдастыру-басқару мәселелерінде де, нормативтік алаңда да профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігіне ерекше назар аударылды.
«Ұлттық экономика министрлігінде ауқамды бақылау-рұқсат беру функцияларының болуы лауазымды тұлғалар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайды. Әділет министрлігіне келсек, мұнда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, негізінен, әкімшілік рәсімдерді жеделдету үшін сыйақы алумен байланысты» — деді
О. Бектенов.
Спикер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша қажетті құралдар бар екенін атап өтті.