«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Сыбайлас жемқорлық біз үшін жат!» атты кең ауқымды акциясын бастады.
Акцияның негізгі мақсаты — мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің басшыларын парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын ұстануға шақыру.
Акцияны өткізу арқылы басшылардың назарын өз қызметкерлерін қателіктерден сақтандыруды, олар заңдарды бұзбауы үшін шаралар қабылдауына назарын аударғымыз келеді – деп хабарлады жобалық кеңсе.
Себебі, әр басшы өзінің жеке жауапкершілігін түсінуі керек. Сондай-ақ, аталған акцияны барлық бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен жариялауға шақырды.
Сондай-ақ, акция аясында министрлер мен қала, облыс әкімдері өз қызметтерінің ашықтығын көрсетіп, жалақы туралы ақпарат жариялап, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне ақпарат жібереді.
Сонымен қатар, олар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат беріп, өз ұсыныстарын енгізетін болады.
Бұл жұмысты қала, облыс әкімдерінің орынбасарлары мен еліміздің барлық аймақтарының мемлекеттік органдарының басшылары жүзеге асыратын болады. Акция нәтижелері бойынша қала, облыс әкімдерінің жұмысына баға беріліп, басшылықтың қаншалықты халық үніне құлақ асатыны және ашықтығы ескеріледі.
Акция 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне дейін жалғасып, ең тиімді басшылар атап өтіледі.
«Бұл басшылықтың жауапкершілігі мен қылмыс жасаудағы моральдық құқықтық жауапкершілікті арттырады, Мемлекет басшысының алға қойған басымдықтарын және оны жергілікті жерлерде қалай жүзеге асыратынын көрсетеді.
Өз кезегінде кері байланыс үшін +7-702-000-2494 жедел желісі жұмыс істейтінін еске салды. Осы нөмір бойынша Whats app-қа кез-келген өтініштер, фотосуреттер мен бейнематериалдар жіберуге болады. Қоғамдық бірлестіктер көшбасшылары мен бей-жай қарамайтын азаматтардың белсенділігіне үміттенеміз», — деді жобалық кеңсе жетекшісі. Айта кетейік, Мемлекет басшысы жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізбеген басшыларды дереу анықтау қажет деген болатын.