Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңнамада жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен басқа материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы – осы ұйымдардың басшыларына алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бұл шаралар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 679-бабында қаралып отыр.