Қаламызда карантин талаптарын сақтамаған бірнеше мейманханаларға айып пұл салынды. Рейдттік іс-шара барысында жұмыс уақытын сағат 23:00 де тоқтатуы тиіс кафелер бүгінде заңды пысқырмай жұмыстарын жалғастырып жатқаны белгілі болды. Енді заңға бағынбаған кәсіпкерлер жауапсыз қалмайды. Толығырақ тілші материялында.
Рейдттік тексеру кезінде, Әл-фараби ауданына қарасты карантиндік талаптарды сақтамай, жұмысын жандандырып отырған бірнеше мейрамхананы кезіктірдік. Ал мына кафенің алдына келгенімізде есігін ашпай, жарығын сөндіріп тығылып отырғанын байқадық. Есігін құқық қорғау органдары ашқан кезінде,көңіл көтеріп отырған қонақтарды көрдік.
Ал мейрамхананың қожайыны болса, өз кінәсін толық мойындамады. Қонақтар ақшасын төлеп тарамақ болған деп бой бермеді.
Айгүл Мантаева–Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы
Ал келесі мейрамханаға барғанымызда, қожайындары біз тек әріптестер болып туған күн кешін өткізіп отырмыз деп ақталып әлек болды. Біз басқа қонақ күтіп отырған жоқпыз деп айыбын мойындамады.
Құдайберген Қалдықараев–Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары
Мұндай рейдттік жұмыстар алдағы уақыттада, жалғасын табады. Карантиндік талаптарды, сақтап өз саулығымызды сақтағанымыз жөн.
Ақпарат көзі шымкенттв.кз