«Жусан» операциясымен елге оралып, өз кәсібін Шымкентте бастаған азаматша

«Жусан» операциясы аясында 2020 жылы Шымкент қаласы бойынша 17 әйел мен 50 ден астам балалар келді. Олардың тағдыры әрқилы. Әйел азаматтар сан түрлі қиялмен Сирия жеріне жақсы өмірді армандап барып, соңы қайғылы соғыстармен аяқталғанын «Жусан» иісін армандап келген азаматшалар өкінішпен еске алады.

Осы тұста 6 балалы ананың  қиын тағдыры мен  Қазақстан жеріне ризашылығын білдірген жан Ақнұр (өзгертілген) есімді азаматша  2000 жылдары Шымкент қаласына тұрмысқа шыққан.

2013 жылы күйеуінің ықпалымен Түркияға, кейіннен Сирия жеріне  аттанған. Бұл азаматша 6 перзенттің үшеуін Қазақстанда, тағы үшеуін Сирия жерінде  дүниеге әкелген. Діни білім алмаған. Күйеуінің ықпалымен жүрген.

2019 жылы «Жусан» операциясымен елге оралған.  Алғаш Атырау қаласында оңалту орталығында  болған. Шымкент қаласына келіп, «Шанс» оңалту орталығының көмегімен құжаттарының барлығын қайта жасатты. Балаларын метепке беріп, кішкентайларын бала бақшаға орналастырды.

Көзсіз сәләфизмнің салдарын айтып, тәубеге келіп бұл жол адасушы жол екенін түсінді. «Мен енді қайта қателескім келмейді»-деп көзіне жас алып  Сирия жеріндегі қиыншылықтарды еске алады.

«Атамекен» бизнесті қолдау бағдарламасымен бизнес-бастау курсын тәмамдап, тігін курсын оқып, сертификат алды.

Қазіргі таңда тігінмен айналысып, қосымша балалар киімі, корейлік косметика сатумен айналысады.

Болашақта өзінің брендтік киімдерін шығарып, әлемдік сән үлгісінде өзін көрсеткісі келеді.

Осыған қолдау көрсеткен мекемелерге ризашылығын білдіреді.

Т.Байманова

Ақпарат көзі: haqjoly.kz