Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жанындағы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК және «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсенің бір топ қызметкерлерін марапаттады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан үлесі үшін Орталықтың қызметкерлеріне алғысын білдіріп, автомобиль жолдарының сапасын одан әрі арттыру бойынша жұмыста табыс тіледі.
Өткен жылдың маусым айынан бастап Агенттік Орталықпен бірлесіп «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесін іске қосқан, оның негізгі мақсаты — автомобиль жолдары саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою және олардың сапасын арттыру.
Жобалық кеңсе аясында құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық бақылау қамтамасыз етілді. Сондай-ақ Орталықта
ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджментінің халықаралық жүйесі енгізілуде.
Агенттіктің аумақтық департаменттері қызметкерлерінің, орталық жұмысшылары мен қоғам өкілдерінің бірлескен іс-қимылының арқасында республика бойынша автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне 410-нан астам бірлескен шығу ұйымдастырылды, соның нәтижесінде 800-ден астам бұзушылықтар анықталды және «ҚазАвтоЖол» АҚ мен әкімдіктерге тиісті ұсыныстар енгізіліп, олардың 80% — ы жойылған.
Сапаны сараптау аясында автомобиль жолдарында құрылыс-жөндеу жұмыстары барысында 860 млн.теңгеден астам сомаға сапасыз материалдарды пайдаланудың алдын алды. Жобалық кеңсе іске қосылған сәттен бастап жалпы құны 135 млрд.теңге болатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге сметалық құжаттамаға сараптама жүргізілді, оның нәтижелері бойынша сметаны 12,5 млрд.теңгеге көтеру фактілері анықталып, жойылған.