Жат идеологияны насихаттайтын қауіпті ақпараттардың ықпал ету әдістерін 2 түрлі бөліп қарауға болады: Адамды оның саналы түрдегі келісімінсіз «негізгі шындықтан» «жасанды шындыққа» ауыстыру. «Негізгі шындықты» топ жарғысының негізінде жасалған «шындықпен» алмастыру.
Деструктивті діни ағым ерекшелігі «харизматикалық» лидерлікке ұмтылуы (бұл жерде «харизма» – жоғарыдан берілген шабыт, яғни құдайлық немесе ерекше ақылды жариялау және мінсіз келісу мен жоғары билікке мойынсынуды талап етуі).
Жасырын, кенеттен пайда болатын бұл әсер етудің жүйелік және ұйымдастыру құрылымы жоқ, жабық әсер ету жүйесі жоқ манипуляция. Ол сыртқы критикамен және кері байланыспен ұштасып, позитивті мақсаттарға негізделген.
Топтық менталитетті құру үшін сананы қадағалау техникаларын қолдануда жалған түсініктер қалыптасқаннан кейін топтың идеялары жеке тұлға идеяларынан жоғары қойылады. Адам сол идеяларды жүзеге асырып, өз ісін жақсы деп түсіне бастайды. Топқа қабылданған адам үнемі осы топқа жаңа адамдарды тартуы міндет болып саналады.
Сонымен қатар, олардың ерекшеліктері осы топ элитасының саяси және қаржылық қызығушылығы, мемлекеттік билік органдарына енуге ұмтылуы «Негізгі ұғымдар» сөздігінің болуы, тек қана топ мүшелеріне ғана түсінікті сөздіктің болуы. Топ лидерлері кім тілді қадағаласа, сол адамды да қадағалай алатынын жақсы түсінеді.
Сол себепті қатаң қадағаланатын жүйенің болуын назарда ұстайды. Жаңадан келген адам үнемі екі тәжірибелі топ мүшелерінің қадағалауында болады, олар өз жағынан бұл адаммен бар күшін салып қарым-қатынас құруға ұмтылуға міндетті. Топтық қысым және «махаббатпен атқылау» арқылы, дәл осы адамды барлығы күтіп отырғанын сездіру, яғни оның топ үшін ерекше маңызды адам екендігі туралы түсінікті қалыптастыру. Ал егер адамда сондай түсінік қалыптасса, ол топқа келгенде өзін жанына жайлы, комфортты сезінеді және келе бергісі келеді. Жаңадан келген адам бір сәтке де бақылаудан шықпайды.
Осыдан кейін топ мүшелері шынайы өмір мен топтың беретін ақпаратын салыстыруға мүмкүндік бермеуді қамтамассыз етеді. Ойды сараптауды тоқтататып, жаңадан келген адамды қайталанбалы әрекеттерге жаттықтыра бастайды. Осы жаттығуларды үнемі пайдаланғаннан адамда жоғары сенгіштік қалпы пайда болады. Қорқынышта ұстап, кінә тағу арқылы адамның әлсіз және сезімтал жақтарын тауып, соған әсер ету үшін олар жақын қатынас құрып, құпияларын анықтауды да іске асыра бастайды.Топқа келген адамның ұйқысын қадағалап, жаттығулар мен жоспарды сылтау етіп, адамға тыным бермеуде ойлаған ісін жүзеге асыру оң нәтиже береді.
Азықтануын қадағалап, денсаулықты жақсартуға арналған немесе «Рухани өсуді жақсартады» деген желеумен арнайы әдебиеттер оқытуы, сенсорлық салмақ салу (ерекше сезімталдық) жаңа ережелерді қабылдатқан соң, тұлға бойындағы құндылықтар жүйесі толығымен өзгереді де, аз уақытта көлемді ақпаратты қабылдағаннан, оны саралауға мүмкіндігі болмай, адам топтың ережелерін автоматты түрде орындай бастайды.
Сананы қадағалау негізі төрт салада жүзеге асады. Іс-әрекетін қадағалап, болып жатқан құбылыстарды сынай ойлауға уақыт болмасын деп адамның өмірін толық қадағалауға бағытталған міндеттер мен тыйым салулар жүйесіне үйретеді. Адам топтың таңертеннен кешке дейін апта бойы топқа қатысты жұмыстарды орындаумен болатыны, адамды бір жақты өз-өзін ұстауға мәжбүрлегенде, адамның миы осы әрекеттерді ақтау амалдарын іздей бастайды. Эмоцияларды қадағалауда әсіресе тұлғаның бей санасына әсер ету, оқшаулануға мүмкіндік бермеу арқылы, эмоциясын қадағалау жүзеге асырылады. Бұл әсіресе тұлғаның бей санасына әсер ету. Ақпаратты қадағалау, сыртқы әсерлерден шектеу, БАҚ, түрлі әдебиеттер, топтан бөлек қарым-қатынастарға тыйым салынады. Бүкіл әлем қара әрі ақ түрде түсіндіріледі: Әлемді жойылу үстінде, тек қана бізге құтқару жолын табу бұйырған деген жаңсақ ойлардың шырмауына түседі. Адамның ойды қадағалау арқылы топ мүшелері және лидер туралы кез-келген сын мен пікірлерге тыйым салынады. Сонымен қатар, басқа діңдерге қатысты негативті қарсы жаңсақ түсініктер қалыптастырылады.
Осындай топтардың торына түсіп қалмас үшін, баланы жас күнінен дәстүрлі дінмен сауат аштырып, тура жолға бағыттайық ағайын.
Ақпарат көзі: haqjoly.kz, Н.Рүстем.