Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы УК-157\9 мекемесінде теріс ағымның жетегіне еріп, бүгінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен жекелеген кездесулер өткізді.
Діни басқарма төрағасы әр азаматқа діннің насихатын жеткізді. Істі болғандар да өз кезегінде жаза басып, жаңылысқандарын мойындады. Жеке кездесу барысында олар Бас мүфтиге сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Аталған түзету мекемесінде бүгінде жат ағым бойынша сотталған 20-дан астам азамат жазасын өтеуде.
Ақпарат көзі: Kazislam.kz