Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов мәлімдеді.
– Еңбекші ауданында қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Яғни, 126 көп қабатты тұрғын үйдің 531 кіреберісі мен 8 лифтіге коронавирус инфекциясынан сақтану жолдары жадынамалары жабыстырылды. Одан бөлек, аудан әкімі аппаратының мамандары және еріктілер тарапынан балаларға арналған жазбасы бар 550 шар таратылды, – деді Ғалымжан Молдабайұлы.
Спикердің сөзіне сүйенсек, ауданда коронавирустық індеттің таралуына жол бермеу шараларын күшейту барысында жедел 6 жұмысшы тобы құрылған. Жұмысшы топтардың құрамына Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық ішкі істер органдары және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері енген.
Айта кетейік, аталған ауданда COVID-19 инфекцияның алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында халықтың көп шоғырланатын жерлерде, әсіресе, ірі сауда орындары, базарлар мен қоғамдық автокөліктерде санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілуде.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы