Дінтанушылар конгресін дін мәселелері бойынша ғылыми-сараптамалық қоғам өкілдерінің бірлестігі ретінде одан әрі дамыту мәселелері бойынша дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов «Дінтанушылар конгресі» ҚБ атқарушы директоры Ж. Сатыбеков және Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институтының директоры Е. Байболмен кездесті.
Тараптар зайырлылық қағидаттарын пен конфессияаралық келісімді ілгерілетуге, діни экстремизмнің алдын алуға, елдегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында Конгрестің жұмысын қайта форматтау жөніндегі жоспарлар туралы пікір алмасты.
Өз тарапынан, Е. Нүкежанов дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін үкіметтік емес ұйымдар мен ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен диалогтың маңыздылығын атап өтті.