Деструктивті діни әдебиеттердің негізгі белгілері мыналар және осы мазмұндағы кітаптарды сатып алмауға кеңес беріледі:
Біріншіден, қоғамды дінге сенуші және сенбейтіндерге бөлу, айналасындағы адамдардың өмір сүру салтын, іс әрекетін, моральдық нормалары мен құндылықтарын сынға алу;
Екіншіден, терроризм және діни экстремизм идеологиясымен байланысты заңсыз әрекеттерді, идеяларды, экстремизмді насихаттауға, теократиялық мемлекет құруға бағыттап, елдің конституциялық құрылымын өзгерту идеяларын насихаттау;
Үшіншіден, мемлекет өміріндегі белгілі бір кезеңдерді, оқиғаларды дін тұрғысынан түсіндіруге тырысу, көбінесе бұл аспектілер деструктивті және радикалды топтар мен секталарды ұстанушылар мен жақтаушыларына психологиялық әсер етуге бағытталған.
Төртіншіден, қасиетті жазбаларды бұрмаланған түрде түсіндіру, деструктивті және радикалды ағымдар мен секталардың басты белгісі болып табылады.
Ақпарат көзі: Дін Қоғам, informburo.kz сайтына дінтанушы Нұрмұхаммед Мейманхожаның берген сұхбатынан үзінді.