БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ 42 МЫҢҒА ДЕЙІН АРТАДЫ

ҚР Президенті Қ. Тоқаев Ұлттық кеңес отырысында білім саласына қатысты біршама мәселелерді көтерді.

Мемлекет басшысы Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет екендігін де алға тартты.

Педагогикалық мамандықтарға сұранысты арттыру мақсатында шәкіртақыны 26 мыңнан 42 мыңға дейін көтерілетінін айтты.

ЖОО оқытушыларының еңбекақысы көбейтуді де тапсырды.
Президент осылайша бүгін білім саласын жетілдіру тетіктерін қозғап, алдағы уақытта атқарылар шараларды нақты атап көрсетті.

Мен өзім осы ЖОО-да жұмыс істейтіндіктен осы салаға деген мемлекет басшысының сенімін ақтауға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз деп нық айта аламын.

Н.ОМАРОВ,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі