Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қазақстан халқының әл-ауқаты үшін сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудағы негізгі басымдықтардың бірі превенция, яғни сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады» — деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали мекеменің ағымдағы жылдың І-жартыжылдығында атқарған жұмыстарын қорытындылау барысында.
Бұл ретте қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын енгізуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға баса назар аударылады.
Департамент пандемия жағдайында қызметін қайта құрып, жұмыстың онлайн форматына көшкен.
«»Antikor Live» және «Adal Komek» жобалары іске қосылды. Онда мемлекеттік органдар қызметіндегі қоғамның рөлі туралы мәселелер талқыланып, мегаполис тұрғындарына кеңестер беріледі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат көрсетіледі.
Тікелей эфирдің спикерлері мемлекеттік органдар мен ұйымдар, қоғам өкілдері, белгілі адвокаттар мен заңгерлер.
Оларды жүзеге асыру кезеңінен бастап (а.ж. наурыз айынан) 160-тан (жүз алпыстан) астам тікелей эфир ұйымдастырылып, шамамен 100 (жүз) мың қаралым жинаған» — деді Асхат Жұмағали.
Айта кету керек, бұл жобалар халықты қызықтыратын өзекті мәселелерді талқылау бойынша тиімді диалог алаңына айналған.