«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі 2019 жылғы 10 маусымынан бастап жұмыс істейді.
Жоба Орталықты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жол активтерінің сапасы саласындағы қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мәселелері жөнінде сүйемелдейді.
Негізгі сүйемелдеу екі бағытта жүргізіледі – жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама және техникалық (сметалық) құжаттамаға сараптама.
Осы жылы тұтынушылар мен мердігерлермен сметалық шығындарды асыра бағалауды болдырмау арқылы шамамен 2,8 миллиард теңге үнемделген.
Қоғамның қатысуымен 100 бірлескен инспекциялық сараптама өткізілген. Анықталған бұзушылықтардың барлығын Агенттік қызметкерлері қадағалайды. Сондай-ақ, жалпы сомасы 1,5 млн. теңгені құрайтын құрылысқа қатысушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері де бар.
Бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстарды мердігер өз қаражаты есебінен жүргізеді.
Антикор мен Орталықтың бір жыл жұмысы ішінде мердігерлер 300 км2-ден астам жолды қайта салды. Анықталған бұзушылықтарды жою мен сметалық шығындардың артуын болдырмау нәтижесінде жалпы алдын алу әсері мемлекеттік бюджетке үнемделген 12,5 млрд теңгеден астам сомаға тең.
Болашақта бірқатар бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру жоспарлануда:
1. Кепілдендірілген жол учаскелерін бақылау бойынша Орталықтың өкілеттіктерін күшейту бөлігінде заңнамаға және заң актілеріне өзгерістер енгізу;
2. Халықаралық стандарттарды ескере отырып, нормативтік-техникалық базаны қайта қарау;
3. Автожол саласындағы барлық мемлекеттік кәсіпорындарда ISO 37001 халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын енгізу.
Қазіргі уақытта Орталықта ISO 37001 стандартының аясында комплаенс-инспектордың бос лауазымына конкурс жарияланған.
Егер автожол активтері саласындағы және жобаның қызметі туралы констурктивті ұсыныстар болса, sapalyzhol@gmail.com электрондық мекенжайына жолдауға болады – деп хабарлайд агенттіктің баспасөз қызметі.