Ашық бюджеттердің интерактивті картасы (publicbudget.kz) – ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетуге, азаматтардың мемлекетке сенім деңгейін арттыруға, тиімді диалог тұғырнамасын құруға бағытталған, ТМД кеңістігіндегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен жүзеге асырылып отырған бірегей жоба.
Бүгінде Карта Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде тапсырмасын іске асыруға бағытталған қоғамдық бақылаудың пәрменді тетігіне айналды.
Карта шынайы уақыт режимінде бөлінген бюджет қаражаты жөніндегі толық мәліметті азаматтарға түсінікті түрде көрсетіп, осылайша мемлекеттік шығыстарды бақылауға мүмкіндік береді.
Картаны іске қосылғаннан бері ел бойынша 8,3 трлн теңге көлемінде 17 мыңнан аса мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражаты жарияланған, оның жартысы (4,08 трлн теңге) биылғы жылы қолжетімді болды.
Картадағы барлық қолжетімді бюджеттер 1 млн аса қаралып, нәтижесінда азаматтар тарапынан 505 пікір қалдырылған.
Агенттік барлық бей-жай қарамайтын азаматтарды карантин жағдайында онлайн режимде картаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға шақырады.