Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова, азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен онлайн кездесу өтті.
Кездесу барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бүгінгі талқыланып отырған тақырып — денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, оны кезекті пікірталас алаңына шығарып отырғанын жеткізді.
Кездесуде министр, вакцинацияға қарсы пікірлер бар екендігін, сол себепті — түсіндірме жұмыстарының маңыздылығын да атап өтті. Кездесуге қатысқан діни және басқа да қоғамдық ұйым өкілдері өз наразылықтарын түсіндірді.
Ағылшын докторы Уэйкфелдьтің «Вакцина аутизмге шалдықтырады»деген еңбегіне дәлел табылмады. Кері әсері туралы көп айтады, ал қазір егілетін жасушасыз вакцина еш ауру тудырмайды. Дәл осы екпелерге қатысты Денсаулық кодексіне арнайы норма да енгізілді. Ешкім ешкімді мәжбүрлеп екпе салмайды. Ата-ана құқы сақталған» деді.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі: — «Ұлт саулығы сынға түскен кезде халықтың пікірін ескеру маңызды. Біз әр азаматқа заң тұрғысынан толық түсіндіруіміз қажет. Қазір бүкіл әлемді шырмап алған вирус жағдайында вакцинацияның өзектілігі артып отыр. Екпеге қарсы азаматтардың пікірін ескермеуге болмайды. Себебі бұл — бүкіл қоғамның саулығына қатысты мәселе. Осы үлкен жауапкершілікті бірге атқаруымыз қажет» деп кездесуді түйіндеді.