Бүгінде, адалдық пен әділдіктің ұйытқысы болған Агенттіктің бастауымен іске қосылған «Адалдық алаңы» атты үлкен жоба жүзеге асырылуда. Жобаның басты міндеті жемқорлықты жойып, қарапайым халықтың алаңсыз өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау. Жоба аясында еліміздің барлық саласында бірқатар іс-шаралар атқарылып, аз уақыт ішінде халық арасында оң бағасын алып үлгерді. Күні кеше Шымкент қаласы оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанынан құрылған республикалық ақпараттық-ағартушылық Штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзада және Агенттіктің Парасаттылық департаменті директоры Ғ. Асанұлының Шымкент қаласына жұмыс сапарында білім саласы қызметкерлерімен кездесті. Бір мақсат, бір мүдде! Білім беру саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жоспарын іске асыру жөнінде Үшінші Мегаполистің білім беру мекемелерінің басшыларымен бейнебайланыс аясында бас қосқан Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанынан құрылған республикалық ақпараттық-ағартушылық Штабы сыбайлас жемқорлықты болдырмау сатылары мен адалдық пен парасаттылықтың ұтымды тұстарын жеткізіп, өзара пікір алмасты.