Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық жобалар байқауы» өтті. Сайысқа шаһардағы 120-ға жуық кәсіпкерлер мен бизнес бастауға ынталы азаматтар ат салысты. Үздік деп танылған 5 жоба иесіне қайтарымсыз 500 000 теңге грант берілді. Ұсынылған тың туындылар жайында тілші тарқатсын.
Жобалардың іріктеу кезеңінен тек 35-і таңдалып, қазылар алқасы алдында таныстырылды. Шара барасында өмір сүру ортасын жақсартуға бағытталған нақты туындылар ұсынылды. Сайысқа қатысушылар іс-әрекеттер арқылы жергілікті қоғамдастық өміріне оң ықпалын тигізуге ынталы екенін жеткізді.
Ерлан Әлжанов – Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары
Байқаудың мақсаты – жастардың бастамаларын қолдау, әлеуметтік, білім, экологиялық, стартап жобалар және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жобаларын жүзеге асыру.
Динар Бенсейтовтың жобасы жылыжай ісі үшін өте тиімді. Ол бұл идеяны жүзеге асыру үшін 6 ай еңбектенген. Оның айтуынша, бастама қолға алынса, фермерлер жылына 20-30 пайыздық шығын орнын толтырады. Ал, бүкіл ел бойынша қолданысқа енсе, 5 млдр-қа жуық қаржы үнемделер еді, дейді ол.
Динар Бенсейтов — Байқауға қатысушы
Шара «100 жаңа идея» топтамасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған. Жастардың әлеуметтік, білім, экологиялық, стартап жобалар және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бастамаларға мемлекеттен қолдау мол. Себебі, осы арқылы кемел келешектің іргесін қалаймыз.