АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА АШЫҚТЫҚ ПЕН АЙҚЫНДЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Іс-шараға ведомстволардың басшылық құрамы, аумақтық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары, облыс әкімдерінің орынбасарлары мен ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы қоғамдық консультативтік-кеңесші органдардың өкілдері қатысты.

Кеңес барысында ветеринариялық бақылау және қадағалау, агроөнеркәсіптік кешеніндегі (бұдан әрі – АӨК) мемлекеттік бақылау комитеттерінің қызметінде бұрын жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың, сондай-ақ қылмыстық-тергеу тәжірибесінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтердің нәтижелері бойынша басқа да мәселелер талқыланды.

Бұл геопорталдарды үдемелі енгізу, ведомстволық ақпараттық жүйелерді толыққанды интеграциялау, «Qoldau.kz» цифрлық тұғырнаманы жетілдіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді толық автоматтандыру.

Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі А.Соловьева ауыл шаруашылығы саласының ашықтығы мен айқындылығын арттыру мақсатында жұртшылықпен жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Бүгінгі күні аумақтық бөлімшелер басшыларының қызметін бағалау және оларды ротациялауды тұрақты негізде жүргізу, бақылау-қадағалау қызметі саласында әкімшілік іс жүргізуді электрондық форматта қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді енгізу және ҚР қолданыстағы заңнамасында қабылданған жаңа талаптар бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмысын күшейту арқылы олардың қызметін түбегейлі жақсарту жоспарлануда.