Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 8 қаулысымен Шымкент қаласының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесі бекітілген болатын.
Аталған қаулы Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 қаңтарда № 17 болып тіркелген.
Қала аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесі тек қызмет бабында пайдалануға жататындықтан, оның мәтіні толығымен ресми түрде баспасөз беттерінде жарияланбаған.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы Қазақстан РеспубликасыҰлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойыншадепартаментімен және «Қазақстан РеспубликасыІшкі істер министрлігініңШымкент қалалық полициядепартаментімен келісілген.
Осы орайда, заң бойынша объектілердің меншік иелерін, иеленушілерін, басшыларын және өзге де лауазымды адамдарын осы объектілердің тізбеге енгізілгені туралы хабардар ету көзделген.